Павлодарда сотталып келген ер адам өз қызын зорлады

eg.ru
Күдікті бұған дейін 2008 жылы осындай қылмысы үшін сотталған болатын. Ол сол үшін 8 жылын түрменің арғы жағында өткізген.

Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ақсу қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 27 қыркүйек күні сағат 23.00 шамасында қала шетінде 2004 жылы туған кәмелетке толмаған қызын күштеп, зорлаған. Кәмелетке толмаған қыз түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соттық-медициналық сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетсек, күдікті бұған дейін 2008 жылы осындай қылмысы үшін сотталған болатын. Ол сол үшін 8 жылын түрменің арғы жағында өткізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды