Сөмке толы доллар. Желіде Мәнізоровтың үйін тінту кезіндегі видео жарияланды

unikassa.ru
Видеода бөлмеде шетел валютасына лық толы сөмке көрсетіліп, бұл Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйін тінту кезінде түсірілгені айтылады.

Ват-сап пен әлеуметтік желілерде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйін тінту кезінде түсірілген деген видео тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода бөлмеде шетел валютасына лық толы сөмке көрсетіліп, бұл Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйін тінту кезінде түсірілгені айтылады. Өткен аптада әкім орынбасарының ұсталғаны туралы мәлімет расталды. Әзірге, бұл жайтқа қатысты ресми егжей-тегжей мәлімет берілген жоқ.

Шындығында, әлеуметтік желіде тарап жатқан бұл видео, негізінен Ресейде түсірілген. Ол РФ ФСБ полковнигі Кирилл Черкалиннің үйін тінту кезінде түсірілген. Одан 12 миллиард рубльді құрайтын ақша тәркіленген. Үш пәтерінен де ақша толы сөмкелер табылған.

Бұл видеоның Ростов облысы губернаторының орынбасары Сергей Сидаштың ұсталуына да қатысты болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды