Кореяда бала қағып, қашып кеткен қазақстандық табылды

Inbusiness.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі корей тарапынан келіп түскен құжаттарды Бас прокуратураға тапсырған.

Оңтүстік Кореяда адам қағып, оқыс оқиға орнынан қашып кеткен қазақстандық табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Ол - Павлодарда, қазір онымен құқық қорғау органы өкілдері сөйлесіп жатыр. Корей жағы бұл жағдайда қатысты тиісті құжаттарды бізге жіберді, - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

ҚР Сыртқы істер министрлігі корей тарапынан келіп түскен құжаттарды Бас прокуратураға тапсырған.

"Бұл мәселе заңды жолмен шешілетін болады", - деді Смадияров. Оңтүстік Кореядағы жол-көлік оқиғасына себепкер қазақстандықтың 1999 жылғы екені ғана, әзірге белгілі.

Айта кетсек, 16 қыркүйекте Оңтүстік Кореяда көлік тізгіндеген тағы бір жерлесіміз жеті жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келесі күні ол Кореядан Өзбекстанға ұшып кеткен. Жол апатына ұшырап, ауруханаға түскен баланың қазір беті бері қарап, денсаулығы жақсарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды