ҚР ҰҚК сотталған қытайтанушыға қатысты түсінік берді

bash.news
Сот үкімі 7 қазанда шыққан.

9 қазанда әлеуметтік желілер белгілі қазақстандық саясаттанушы, қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкинге үкім шыққаны туралы ақпарат тарады. 10 қазанда бұл ақпаратты Алматы қалалық соты растады. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК баспасөз қызметі де бұл мәселеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 2019 жылы 7 қазанда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1956 жылы туылған ҚР азаматы Константин Львович Сыроежкинді ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, яғни "Отанға опасыздық жасау" бойынша кінәлі деп тауып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, ол жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейтін болады. Бостандыққа шыққаннан кейін ол Қазақстаннан қуылып, бес жылға дейін елге оралуына тыйым салынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды