Алматыда таудан топырақ ұрлаған бай ісін прокуратура қолға алды

azh.kz
Бұған дейін Алматыда белгісіз біреулер жекеменшік алма бағының ағаштарын кесіп тастаған болатын. Полиция тұрғындардың шағымынан кейін тергеуді бастады.

Алматы қаласының Бостандық ауданында таудың құнарлы жер қабатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Табиғат" экологиялық одақ төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов өзінің Instagram парақшасында таулы аумақтағы құнарлы жер қабатын сату үшін қазып тастағаны туралы бейнежазбаны жариялады. Аталған факті бойынша тергеу басталды. Бұл іс Алматы мамандандырылған экологиялық прокуратурасының бақылауында.

"Алматы қаласының мамандандырылған экологиялық прокуратурасы экологиялық полиция бөліміне және Алматы қаласы бойынша қала құрылысы басқармасының жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жауаптыларға шара қолдану және оларды жауапкершілікке тарту туралы нұсқау берді. Кемшілік үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынады", - деп хабарлады қалалық прокуратура.

Бұған дейін Алматыда белгісіз біреулер жекеменшік алма бағының ағаштарын кесіп тастаған болатын. Полиция тұрғындардың шағымынан кейін тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды