Қызылорда облысында қолайсыз ауа райында адасып кеткен жүргізуші табылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 09:21 Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысының Арал ауданында полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде жолдан адасып, хабар-ошарсыз кеткен азамат аман-есен табылды.

18 қаңтарында Арал ауданының тұрғыны Shacman жүк автокөлігін басқарып, Жіңішкеқұм елді мекені аумағынан жолға шыққан.

Алайда ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізуші бағытынан адасқан. Хабар түсе салысымен полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кірісті.

Ауданның барлық ауылдары, далалық жолдар түгел қамтылды.

Қырағылық танытқан сақшылардың жедел әрекеті арқасында жоғалған азамат дін аман табылып, полицейлер риясыз алғысын білдірді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қыс мезгілінде, әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шыққанда барынша сақ болуға, алдын ала ауа райы болжамын ескеруге және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: