Атырау облысында жоғалған отбасы: тағы екі адамның мәйіті табылды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 09:18 Фото: pexels
Атырау қаласының маңындағы Геолог шағын ауданынан бұрын хабар-ошарсыз кеткен Жангелдин ауылының тұрғындары – Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңірлік "Ақ Жайық" басылымы жазды. Белгілі болғандай, олардың мәйіттері күдікті Сұлтан Сәрсемалиев бұрын жұбайымен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

2026 жылғы 9 наурызда Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Алматы қаласына жеткізілді. Тергеу барысында Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындаған.

Оның айтуынша, ол мәйіттерді Атырау қаласындағы Геолог шағын ауданында бұрын жалдап тұрған үйдің ауласына көмген.

"Осы ақпарат алынғаннан кейін Атыраудағы тергеушілер аталған аумақта қайтадан іздестіру жұмыстарын жүргізіп, сол жерден мәйіттерді тапты", – делінген хабарламада.

Атырау облысының Қызылқоға ауданында тұрған төрт адамнан тұратын отбасы 2025 жылдың қазан айында жоғалып кеткен. Туыстары олардың жұмбақ жағдайда жоғалғанын полицияға екі айдан кейін ғана хабарлаған.

Ресми іздестіру жұмыстары 2025 жылғы 25 желтоқсанда басталды.

2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыптылардың мәйіттері Жангелдин ауылындағы өз қорасынан табылған.

Қылмыс жасады деген күдікпен Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны халықаралық іздеуге жарияланған. 13 қаңтарда күдіктімен бірге оның жұбайы – қаза тапқан отбасының кенже қызы, 30 жастағы Ақбаян Мұқанғалиева да халықаралық іздеуге жарияланғаны белгілі болды.

24 ақпанда Ішкі істер министрлігі Индонезияда адам өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталғанын хабарлаған. Келесі күні қаза тапқандардың қызы да күдікті ретінде танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: