Мұнай өнімдерін жер астымен Қырғызстанға айдаған заңсыз құбыр табылды

Ruslan Kalmatov (RFE/RL)
Заңсыз өнімдерді сақтаған қойма да анықталған.

Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі Қазақстаннан Қырғызстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты анықтады, деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Құқық қорғау қызметкерлері шамамен үш шақырым жерге көмілген құбыр күніне 100 тонна мұнай өнімін Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз тасымалдап келген деп болжайды. Жасырын құбыр Шу облысы Кен-Булун елді мекенінде жүргізілген арнайы шара кезінде табылған, деп жазады centralasian.org.

"Қазіргі кезде нақты шығын көлемі, қылмыстық топ жетекшілері мен оған қатысы бар мемлекеттік орган өкілдері анықталып жатыр" делінген Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет таратқан хабарламада. Ведомство дерегінше, заңсыз өнімдерді сақтаған қойма да анықталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды