Браконьерлердің қолынан қаза тапқан қызылордалық инспектор марапатталды

Хабар 24
Браконьерлермен күресте жанқиярлық көрсеткен батыр ұланның отбасы ауыр қайғымен бөлісіп, демеу болған ел-жұртқа алғысын білдірді.

Қызылорда облысында қызмет бабында қаза болған "Охотзоопром" инспекторы Әділ Кенжеғұловтың отбасына Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі арнайы барып, ата-анасы мен ағайын-туысына көңіл айтты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Мағзұм Мырзағалиев еске алу жиынына қатысып, Президент жарлығымен III дәрежелі "Айбын" орденін марқұмның отбасына табыстады.

"Бүгінде табиғат инспекторларының қызмет бабындағы құзыретін кеңейту, әлеуметтік жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар заңнамаға өзгерту енгізу қарастырылуда", – деді ведомство басшысы.

Браконьерлермен күресте жанқиярлық көрсеткен батыр ұланның отбасы ауыр қайғымен бөлісіп, демеу болған ел-жұртқа алғысын білдірді.

Шарапатдин Кенжеғұлов, Ә.Кенжеғұловтың әкесі:

– Жауапкершілігі жақсы еді ғой өзінің. Ортасында ұйымшыл еді, достары көп болды. Баламызды ескеріп, елеп жатқанына рақмет баршаңызға. Ойда жоқта болып тұр ғой бәрі. Басқа не дейміз енді, көнеміз, амал жоқ, қалай қыламыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды