Ақтөбеде елдің шотынан аз соманы жымқырып алатын банк қызметкері ұсталды

Ашық дерекөздерден алынды
Ол клиенттеріне банк қосымшасына өзі тіркеу жасап, қосымшаны пайдалануды көрсеткен көрінеді. Артынан білдіртпей, 5 мың теңгеге дейінгі ақшаны жымқырып отырған.

Ақтөбеде банк қызметкері алаяқтықпен ұсталды. Ол онлайн банкинг жүйесі арқылы өз клиенттерінің шотынан 1 миллион 200 мың теңге ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz Астана теларнасына сілтеме жасап.

"Әуелі полицияға бес адам өз шоттарынан ақша ұрланғандығын айтып шағымданған. Ал банктегі қызметтік тексерістен кейін 17 адамның шотынан 1 миллионнан астам қаражаттың қолды болғандығы анықталған. Жас жігіт Ақтөбедегі екінші дәрежелі банктің бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Ол клиенттеріне банк қосымшасына өзі тіркеу жасап, қосымшаны пайдалануды көрсеткен көрінеді. Артынан клиенттеріне білдіртпей, шоттарынан бес мың теңгеге дейінгі қаражатты өз шотына аударып отырған көрінеді", - дейді телеарна тілшісі.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Алайда, аталған банк қызметтік тексеру жүгізу кезінде клиенттердің өздері өз шоттарынан аталған ақша қаражатын осы банктің бұрынғы қызметкерінің шотына аударғанын анықтады. Қазіргі таңда осы дерек бойынша іс сотқа жіберілді. Күдікті анықталды. Полицейлер дерегінше, биыл Ақтөбеде осындай онлайн банкинг арқылы ақша ұрлаған 28 кибер қылмыскер ұсталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды