Қостанайда оқушыны ұрған мұғалім жазаға тартылды

gazeta-horoshevo-mnevniki.info
Оған 25 мың теңге айыппұл салынды.

Оқушыны ұрған Қостанай орта мектебінің мұғалімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Қостанай қаласындағы орта мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтін азамат А. сабақ үстінде кәмелетке толмаған Б.-ны ұрып, оған физикалық күш көрсеткен. Айыпталушы сотта кінәсін мойындамағанымен, сот отырысында оның кінәсі расталды. Кәмелетке толмаған куәгерлердің айғақтары мұғалімнің қол көтеру фактісін тікелей дәлелдеген. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен А. ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 10 АЕК (1 АЕК 2525 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, - делінген соттың хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды