Ақтөбеде қар құрсауында қалған автобус жолаушысының неден көз жұмғаны белгілі болды

Хабар 24
Денесінде зорлық-зомбылық және үсік шалу белгілері табылмады.

"Самара – Шымкент" тасжолында қалып қойған автобустағы шетелдік жолаушының жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 қарашада сағат 06:40 шамасында автобус ішінен Тәжікстан азаматының денесі табылды. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобуста болған. Марқұмның денесі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, сараптама жүргізілді. Жолаушының жүректің ишемиялық ауруынан жан тапсырғаны белгілі болды. Денесінде зорлық-зомбылық және үсік шалу белгілері табылмады", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер автобустағы тағы екі Тәжікстан азаматы денсаулығына шағымданғанын, оларға медициналық көмек көрсетілгенін де қоса айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды