Алматы-Қорғас жолында жол апатынан жүргізушінің анасы көз жұмды

zakon.kz
Негізгі соққы артқы есікке келген.

Алматы - Қорғас автожолының 54 шақырымында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы бағытында келе жатқан Mazda Familia жүргізушісі көлікке ие бола алмай қоршауға соғылды.

- Негізгі соққы артқы есікке келген. Өкінішке қарай жүргізушінің анасы ауыр жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушіні Есік аудандық ауруханасына жеткізді. Оның айтуы бойынша, ол сол жақ жолақшамен қозғалған. Соңынан ілескен автокөлік жол сұрағандықтан, ол оңға қарай жылжуға тырысқан. Осы сәтте қайғылы соғылу, жан алған апат орын алды. Оның себептерінің бірі - автокөлік дөңгелектерінің ауыстырылмағаны болуы мүмкін, - деген мәлімет берді "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды