Ақтөбе облысында сот қызметкері өзінің жалақысын "қолдан" көтеріп алған

zakon.kz
Ол жалақысын негізсіз өсіре отырып, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке алынды.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментімен бірлесіп, "сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады" деген күдікке алынған "Ақтөбе облысы бойынша сот әкімшісі" РМБ қаржы бөлімінің басшысын тексеріп, қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ол жалақысын негізсіз өсіре отырып, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке алынды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Кінәсін мойындағандықтан, күдіктінің қорғаушысының кепіл етуімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары қысқа уақыт ішінде аяқталып, оған тергеу кезінде қамауға алу шарасы қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды