Батыс Қазақстанда аудан әкімі апаратының бұрынғы басшысы 3 жылға сотталды

zakon.kz
Оған бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылды.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бұған дейін «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.М. Ақеділовке Ақсай қаласынан жалдамалы тұрғын үйді жалға беруге бөлінген 2 миллион 779 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізген", делінеді хабарламада.

3 желтоқсанда Бөрлі аудандық сотының үкімімен Ақеділов Д.М. кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды