Қос шендінің туған інісі ұсталғаны туралы хабар тарады

zakon.kz
Ерік Біләлов алаяқтық жолмен мемлекеттен субсидия түрінде бөлінген 500 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Экономикалық тергеудің СҚО бойынша департаментіндегі дереккөздің хабарлауынша, "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС директоры Біләлов Ерік Сұлтанғазинұлы ұсталып, Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды zakon.kz Yedilov Online Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ерік Біләлов алаяқтық жолмен мемлекеттен субсидия түрінде бөлінген 500 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ол 2007 жылдан бастап 2013 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2013-2014 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған Серік Біләловтің және Ақмола облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генералы Берік Біләловтің туған інісі болып келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды