Алматы маңында көлік жол жиегіне ұшып кетіп, жүргізуші көз жұмды

zakon.kz
Кілт бұрылыста Toyota Windom жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне ұшып кеткен. Көлік ағашқа бірнеше рет соғылып, құзға ілінген күйі қалған.

Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылы маңында адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты Қапшағай тас жолынан ауылға қарай бет алатын Батталханов көшесі бойында сағат 11.00 шамасында болған. Кілт бұрылыста Toyota Windom жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне ұшып кеткен. Көлік ағашқа бірнеше рет соғылып, құзға ілінген күйі қалған.

Негізгі соққы жүргізуші тұсқа келген. Әбден жаншылған жүргізуші дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды.

Барлық жағдайды Алматы облысының жол полициясы анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды