Бейжің-Нұр-Сұлтан әуе рейсінде қазақстандық әйел тоналды

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көліктегі полиция ұрлық ізін суытпай ҚХР азаматын ұстаған.

Қытай азаматы ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін ұсталды, ол өзімен бірге ұшаққа отырған қазақстандықты тонаған, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

40 жастағы қазақстандық әйел Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөліміне "Бейжің-Нұр-Сұлтан" әуе бағытымен ұшу кезінде қол жүгінде болған 4500 АҚШ доллары (1 миллион 744 мың 290 теңге) жоғалғаны туралы шағымданды.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көліктегі полиция сол рейсте болған 1993 жылғы Қытай Халық Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Жеке тінту кезінде ұрланған ақша ұсталған адамның сөмкесінен табылып, тәркіленді. ҚХР азаматы кінәсін толықтай мойындады, ұрланған заттар тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды, -дейді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанның Есіл аудандық сотының үкімімен Қытай азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне сәйкес, "Ірі көлемде жасалған ұрлық" бойынша айыпты деп танылып, оған үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Одан бөлек Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығару және бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу үкімі де жарияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды