Ақтөбе облысында қалың қарда мал іздеуге шығып, жолда қалған ер адам құтқарылды

Ақтөбе облысында қалың қарда мал іздеуге шығып, жолда қалған ер адам құтқарылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 11:47 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 21 қаңтарға қараған түні Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында, Т. Жүргенов ауылынан 30 шақырым жерде, ТЖМ күштерімен 35 жастағы ер адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам қар шанамен мал іздеуге шығып, жанармайсыз қалған.

"Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, ер адамды Т. Жүргенов ауылына эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады",- делінген ақпаратта.

ТЖМ өкілдері алыс аудандарға шығар алдында жанармай қорын тексеруді ұмытпау керек екенін еске салды.

Бұған дейін Қызылорда облысында қолайсыз ауа райында адасып кеткен жүргізуші табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: