Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін, 2025 жылы 29 желтоқсанда Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Қарабұтақ ауылынан 15 шақырым жерде "Мәскеу-Шымкент" бағытындағы рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат кезінде өрт шыққан жоқ.
"ТЖМ құтқарушылары вахталық автомобильдің көмегімен 59 жолаушыны жақын маңдағы "Маяк" кемпингіне эвакуациялады. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары бар", делінген хабарламада.
Бұған дейін Жетісу облысында қар құрсауында қалып кеткен бес жеңіл көліктегі 15 адам құтқарылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript