Жаман мотоцикл мінген браконерлерді полиция тікұшақпен қуып жете алмады

YouTube
Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ытқитын тікұшақтың жаман үш мотоциклге жете алмауы деген бір түсініксіз дүние екен.

Үш ескі мотоциклге мінген браконьерлер Ми-8 тікұшағын артқа тастап, қашып бара жатыр. Осындай видео желіде тарап жатыр. Қылмыскерлер үш аяқты мотоциклмен қашып барады, қорқып тұрған түгі жоқ, керісінше көңілді, мәз-майрам, деп хабарлайды zakon.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының полиция басқармасы рейд кезінде тікұшақпен жүрген су полициясы қызметкерлері қала маңындағы Еркінқала ауылы төңірегінен үш мотоциклге мінген күдікті адамдарды байқаған. Олар Каспий теңізіндегі балықты заңсыз аулаушылар болуы әбден ықтимал. Полициядағылар қылмыскерлерді қуып жете алмағандарын мойындады.

Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ытқитын әуе кемесі жаман үш мотоциклге жете алмауы деген бір түсініксіз дүние екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды