Ресей Қиыр Шығыстағы шекарасын жауып жатыр

mordovmedia.ru
Бұл - коронавирустың тарауына жол бермеу үшін қабылданған шараның бірі.

РФ Премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирустың тарауына жол бермеудің бір амалы ретінде Қиыр Шығыстағы Ресей шекарасын жабу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ТАСС.

"Бүгін тиісті бұйрыққа қол қойылды, ол заңды күшіне енді. Бүгін біз сәйкесінше барлығына Қиыр Шығыс аймағындағы шекараны жабуға қатысты шаралар туралы және үкімет қабылдаған басқа шаралар туралы (Ресей Федерациясының аумағында коронавирусты таратпау туралы) хабардар етеміз", - деді үкімет отырысын ашқан РФ Премьер-министрі.

Қытай билігі 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Уханда коронавирустың 2019-nCoV түрін тіркеді. Бейсенбі күнгі таңертеңгі жағдай бойынша бұл дертті жұқтырғандар саны 7,7 мыңнан асты, 170-ке жуық адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды