Қостанайда пышақ ұстаған ер адам сұлулық салонын қан-жоса қылды

Lenta.ru
Ол өзінің бұрынғы әйеліне тап берген.

Қостанайда полиция кісі өлтіруге ұмтылу және өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін қолға алды, деп хабарлайды zakon.kz Алау басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс сұлулық салонында болған.

30 қаңтарда 52 жастағы ер адам бұрынғы 40 жастағы әйеліне пышақпен тап берген. Әйелдің білегі тілініп, жарақат алды. Сондай-ақ, шабуыл жасаған ер адамның қолынан да пышақ жарақаттары анықталды. Ер адам ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

- Бұл Іс бойынша алғашқы тергеу шаралары жүргізілді. Ерлі-зайыптылардың 2013 жылы ажырасқаны белгілі болды. 2019 жылдың сәуіріне дейін олар бірге тұрған. Төрт баласы бар. Содан кейін ерлі-зайыптылар ажырасқан, бірақ ер адам әйелге келіп, бірге тұруды талап ете берген. Осы негізде оларда жиі ұрыс-керіс болып тұрған, - дейді полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды