Дәл үйінің кіреберісінде әйелге екі адам тап берген видеоға қатысты полиция түсінік берді

видеодан алынды
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мұндай факт тiркелмеген.

4 ақпан күні әлеуметтік желілерде әйел адамды аңдып тұрып, үйіне баса-көктеп кірмек болған ұрылардың әрекеті түсіп қалған видео тарай бастады. Осы видеоның анық-қанығы анықталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық ПД түсінік берді.

"Бұл оқиға біздің қалада болған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мұндай факт тiркелмеген", - дейді қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Видеода көрсетілгендей, көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде 2 жігіт әйел адамды аңдып тұрып, пәтердің кілтін аша берген сәтте тап береді. Бірақ дәл сол кезде олар күтпеген жағдайға тап болып, үйде болған ер-азаматтан соққы жеп, тұра қашқан.

Кейіннен бұл оқыс оқиғаның 3 ақпанда Атырау облысында болғаны белгілі болды.

"Қарақшылық шабуыл жасау фактісі тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде ", - деп хабарлады жергілікті аймақтық полиция өкілі" деп жазды Атырау облысының әкімдігі Telegram чат каналында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды