Пара алған "Қазпошта" филиалының бұрынғы директоры сотталды

zakon.kz
Оған 7 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Қазпошта" АҚ-тың Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры Б.Б.Пірәліге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

"Ол"«Қазпошта" АҚ филиалына жұмысқа орналастырғаны үшін бір азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп айыпталған. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Б.Б.Пірәлі қомақты мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", -дейді баспасөз қызметіндегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды