Нұр-Сұлтанда қыс қаһарына қайта мінді

zakon.kz
Сақтық шараларын қолдануды ұмытпаңыздар.

Қазақстанның астанасында қыс қаһарына қайта мінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сурет: Роман Самофалов

7 ақпанда ауа-райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымның 0–9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, қарлы боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, апай-топай мінез көрсетеді.

27 қаңтарда Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі жарияланды.

ҚР Ішкі істер министрлігі сақтық шараларын қолдануға кеңес береді. Төтенше жағдайлар комитеті, жергілікті тұрғындарды дауылды ескертулерді ескеріп, сақтық шараларын қабылдауға шақырады.

Сурет: Дина Ораз

Сонымен қатар, елорда тұрғындары қаладағы дұрыс тазалбаған қалың қарға наразы. Әлеуметтік желіде астаналықтар өз наразылықтарын білдіріп, көптеп суреттер жүктеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды