Головкиннің титулды жекпе-жегінің уақыты үшінші мәрте ауыстырылып жатыр

Getty Images
Себебі Генадий Головин жарақат алып қалған.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингке оралуы кейінге шегерілді. ESPN журналының мәліметінше, боксшы жарақат алып қалған, деп хабарлайды vesti.kz.

Осыған байланысты Головкин және оның командасы IBF ұйымынан титулды қорғауды шегеруді сұрады. Алдын ала мәлімет бойынша, GGG-дің міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегі мамыр немесе маусымда өтеді.

Бастапқыда GGG рингке ақпанда шығады деп күтілген, алайда, кейін жекпе-жек уақыты наурызға өзгертілді. Осыдан кейін тағы да 11 сәуірге шегерілді, ал кездесу өтетін орын ретінде АҚШ-тың Чикаго қаласы аталған. Сонымен қатар, бұл жекпе-жек Қазақстанда өтуі ықтимал екені де хабарланған.

Осыған байланысты DAZN өкілі Головкин - Шеремета жекпе-жегін өткізетін басқа уақыт қарастырып жатқандарын растады. Ал боксшының промоутері Том Леффлер жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды