Қару-жарақ алып қашқан әскери сарбаздың сыбайластары іздестіріліп жатыр

Inbusiness.kz
Министр "сарбаздың өзімен бірге мұнша қаруды алып жүруі қаншалықты мүмкін" деген сұраққа жауап бермеді.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысында қару-жарақ алып қашқан келісімшарт бойынша борышын өтеп жүрген әскери сарбаздың ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Келісімшарт бойынша борышын өтеп жүрген әскери сарбаз қару-жарақ, автомат және тапаншаларды ұрлап қашқан. Қазіргі уақытта ол ұсталды, енді қаруларды тәркілеу бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. (...) Мен бір нәрсені ғана айта аламын, әзірге бұл қарулардан ешкімге зиян келген жоқ, - деді Тұрғымбаев.

Сонымен бірге ол әскеридің сыбайластарын анықтау бойынша, сондай-ақ қару-жарақтар қайда жасырылған, қайдан табылған және қайдан алынғанын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл мәлімет бойынша министр кейінірек ақпарат беруге уәде берді.

"Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан, тергеу мүддесін ескере отырып, сіздерге әлі бұл ақпаратты толық бере алмаймын", - деп түсіндірді Тұрғымбаев.

Сонымен бірге министр "сарбаздың өзімен бірге мұнша қаруды алып жүруі қаншалықты мүмкін" деген сұраққа жауап бермеді.

Мен сіздерге бәрін айтып бердім, - деді ол.


20 ақпанда Шымкент қаласының жанындағы әскери бөлімде кезекшілік кезде кіші сержант қару мен оқ-дәрілерді ұрлап, әскери бөлімшені бастап кеткені белгілі болды: АК-74 - 30 дана, ПМ – 27 дана, ПMT - 2 дана, 5.45 калибрлі оқтар - 420 дана, 9 мм калибрлі оқтар - 24 дана. Ол сол күні ұсталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды