Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіпсіздіктің "қызыл" деңгейі енгізілді

ВВС
Тағы екі адам көз жұмды.

Оңтүстік Кореяда COVID-2019 коронавирусын тағы да 161 адам жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл індетті мұнда жұқтырғандардың жалпы саны 763-ке жетті, екі науқас одан қайтыс болды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары.

Президент Мун Чжэ Ин Оңтүстік Кореяның эпидемиологиялық қауіптілік деңгейін ІІІ-ден IV-ге, яғни "қызғылт сарыдан" "қызыл" деңгейге көтерді.

Тек жеті науқас қайтыс болды, 18 науқас емделіп шықты, 8 725 адамның талдауы әлі де зерттелуде.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары мәліметтері бойынша, індетті жаңадан жұқтырғандардың 131-і Тэгу қаласында, тағы 10-ы - Кенгидо провинциясында, 11-і -Кенсан-Пукто, қалғандары елдің әртүрлі аймақтарынан анықталды. Сонымен қатар, жаңадан түскен науқастардың 129-ы Тегу қаласындағы Синчхончжи діни ағымымен байланысты адамдар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды