Димаш Құдайберген елордадан видео үндеу жолдады

instagram.com/kudaibergenov.dimash
Димаш қазір өзінің інісі Мансұр екеуі видео ойын ойнап, үйде отыр екен.

Димаш Құдайберген қазақстандықтарға күллі әлемді жайлаған індеттің алдын алу мақсатында елімізде қабылданып жатқан сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әнші Инстаграмда ағылшын және қазақ тілінде жариялаған видеосында айтты.

"Ассалаумалейкум, құрметті Отандастар, құрметті бауырлар! Сіздерге, ең алдымен денсаулық тілеуге рұқсат етіңіздер. Мына, күллі әлемді жайлаған індеттің алдын алу мақсатында қабылданып жатқан сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамын. Сәл төзімділік танытыңыздар, Алла-Тағала барлығымызға сабыр берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Бұл да бір өтіп кететін дәурен деп білемін. "Жақсы сөз, жарым ырыс" дейді қазақтар. Біз бұл дертті жеңіп шығамыз! Аман болайық, бар болайық!", - дейді видеода әнші.

Ағылшынша айтқанында Димаш өзінің інісі Мансұр екеуі видео ойын ойнап, үйде отырғанын айтады. Онда да елордада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды