Зайсанда бір әйел "коронавирус болып қалдым" деп елді дүрліктірген

obrazovaka.ru
Әйел өтірік айтқан.

Зайсан қаласында полиция "коронавируспен ауырдым" деп өтірік айтқан әйелге айыппұл салды, деп хабарлайды zakon.kz.

4 сәуірде аудан орталығының 60 жастағы тұрғыны WhatsApp арқылы "коронавирус болып ауырып қалдым" деп жалған ақпарат таратты. Әйелге "Төтенше жағдай кезіндегі тәртіпті бұзу әрекеттері" бабы бойынша 40 АЕК (106 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облыстық полициясының баспасөз қызметі 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты уақыт шектеулер белгіленгенін еске салды. Оны орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды