Удай мас адвокат Алматыда полицейді баспен ұрды

rus.azattyq-ruhy.kz
29 жастағы жүргізуші полицейлерді аузына келген сөздермен боқтап тастады.

Алматыда қалалық адвокаттар алқасының адвокаты мас күйде полицейлерге тап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шаляпин көшесімен келе жатқан нөмірі жоқ "Nissan Qashqai" көлігін байқаған полицейлер оны бірден тоқтатқан.

Бірақ көлік ішіндегі екі жігіт полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, қатты қарсылық танытты.

29 жастағы жүргізуші полицейлерді аузына келген сөздермен боқтап тастады, ал оның 1986 жылы туған мас күйдегі жолаушысы патруль қызметкерін баспен ұрды.

Күдікті дереу құрықталды.

- Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы (Билік өкіліне зорлық-зомбылық көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал жүргізуші – Ж. есімді азаматқа қатысты Әкімшілік кодекстің 590 б., 2-б, 612 б., 1-б, 613 б., 4-б., 476 б., 6-б. бойынша сотқа материалдар жіберілді. Көлік арнайы айып тұрағына жеткізілді, - деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Полицейлерге әкіреңдеген кісінің Алматы адвокаттар алқасының белсенді мүшесі, он жылдан бері қаладағы белді адвокаттардың бірі болып жүргені анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды