Димаш қиын-қыстау кезеңде бүкіл әлемге қолдау білдіретін жаңа әнді орындады

Anatoly Lomokhov/Globallookpres
Ән пандемияға байланысты жалпы қиыншылыққа бой ұрған әлемдегі барша халықты қолдауға арналады.

Димаш Құдайберген қытай авторларының "Біз біргеміз" атты жаңа әнін ағылшын тілінде орындады. Бейнеклип мазмұнына сүйенсек, ән бүкіл әлемде коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерді, жалпы қиыншылықтағы барша халықты қолдауға арналады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әннің сөзінің авторлары - Gao Shang және Shang Yang. Композиторы - Dong Nan пен Tang Yi. Әннің мәтінінде қазір жанжал шығаратын уақыт емес, керісінше, жаһандық індетпен күресте қиын-қыстау кезеңде бірігіп, бір-бірімізге көмектесу керектігі айтылады.

Қол алысып, бірге жұмыла жауды жеңеміз. Бір қатарға тұрып, бір-бірімізден қалмай соңына дейін шайқасамыз. Қуанышта да, қайғыда да біргеміз, делінеді әннің қайырмасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды