Таразда подъездің кіре берісінде ер адам өлі табылды

polisia.kz
Бұрын сотты болған 45 жастағы күдікті ұсталды.

26 сәуір күні сағат 10.00 шамасында облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінде ессіз жатқан адам табылды – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, қаза тапқанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2000 жылы ҚР ҚК 259-бабы бойынша бұрын сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады.

Кейін анықталғандай, олар бiрге арақ ішіп, арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ салған. Жараланған ер адам пәтерден шығып, тұрғын үйдің кіреберісіне құлаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды