Зиялы қауым Алматыдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

ҚазАқпарат
Шараға шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев, белгілі қаламгерлер Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Бақытжан Қанапянов қатысты.

Алматы қаласында зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара Абай алаңында өтті. Оған шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев, белгілі қаламгерлер Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Бақытжан Қанапянов қатысты.

Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Бұған дейін, қазақтың ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ мемлекет және қоғам қайраткері елордадағы Абай ескерткішіне салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойған болатын.

Айта кетелік, Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды