Шымкенттегі атыс: Кісі өлтірген күдіктілер Алматыда ұсталды

spbdnevnik.ru
12 тамызда Алматыда үш күдікті ұсталды

10 тамызда Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде атыс болып, салдарынан бір адам қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздестіріп, оларды Алматыдан ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми сайтында хабарланғандай, 12 тамызда Алматыда күдіктінің үшеуі ұсталды. Барлығы Шымкент қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Олар өз кінәсін мойындап, куәлік берді.

14 тамызда мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді екі айға қамауға алды.

10 тамызда Шымкенттегі "Гранд Прага" мейрамханасында атыс болып, салдарынан мейрамхана келген тұтынушының бірі қаза тапты, тағы біреуі жараланып, ауруханаға түсті.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы, "Адам өлтіру" және 287-бабы, "Қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды