Дәрігерлер Алматыда арықтан табылған сәбидің жағдайына қатысты мәлімет жариялады

classpic.ru
Ол өздігінен еме алады, іс-қимылы ширақ.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы түнде арықтан табылған шақалақтың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тастанды баланың салмағы - 3 келі, бойының ұзындығы - 52 см, ол Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Ауруханаға түскенде баланың халі ауыр болды, гипотермияға байланысты, яғни қатты тонып қалған (дене температурасы - 34,5). Қазір оның жағдайы орташа, дене қызуы қалыпқа келді. Ол өздігінен еме алады, іс-қимылы ширақ. Енді баланы біз екінші балалар ауруханасына ауыстыруға дайындалып жатырмыз, сол жерден қосымша тексеруден өткен соң сәби балалар үйіне жіберіледі, делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы полициясы бүгін түн ортасында арықтан жаңа туған сәби табылғанын хабарлаған. Қазір құқық қорғау органдары тастанды сәбидің анасын іздеуде.

Полиция баланың биологиялық анасы туралы білетін кез-келген ақпаратты ішкі істер органдарына дереу хабарлауды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды