Қазақстан азаматтары мінген яхта Сардиния жағалауында түгі қалмай өртеніп кетті

видеодан алынды
Қайықтың түгі қалмай жанып кетті.

Жерорта теңізінің Сардиния жағалауында Қазақстан азаматтары мінген яхта өртеніп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Euronews.com сайтының хабарлауынша, жағалау күзеті кемедегі 17 адамды құтқарды.

17 адам, оның ішінде сегіз қазақстандық турист және тоғыз экипаж мүшесі бар, олар өз бетімен кемені тастап, жағалау күзеті келгенде басқа қайықта болған, - делінген хабарламада.

Құтқару операциясына жағалау күзетінің екі қайығы мен тікұшақ қатысты.

50 метрлік Lady MM яхтасы Каприден Сардинияға бағыт алған жолда борттан өрт шықққан, деп хабарлайды ANSA итальяндық ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды