Көкшетауда жоғалған 13 жасар қыздың ісі "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергелмек

Ақмола облыстық ПД
Қызды іздеуге күн сайын 100-ден астам полиция қызметкері, 20-дан астам төтенше жағдайлар қызметкерлері, 30-дан астам әскери қызметшілер және 350-ден астам волонтер жұмылдырылуда.

Көкшетауда із-түссіз жоғалып кеткен Әйгерім Хайдарованы, міне сегізінші күн іздестіріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

21 тамызда із-түссіз жоғалған баланың анасы Көкшетау қалалық полициясының кезекші бөліміне қоңырау шалған. Ол бұл туралы биыл 20 тамызда хабарланды. Анасы қызының сағат 15.00 шамасында Нұрлы көш ауылындағы шаштаразға барамын деп үйден шығып, содан оралмаған, ұялы телефоны сөндірулі, оның қайда екенін ешкім білмейді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, 13 жасар қыз жоғалып кеткен күні оны көрген немесе көруі мүмкін деген 200-ден астам адамнан жауап алынды. Айта кету керек, қызды іздеуге күн сайын 100-ден астам полиция қызметкері, 20-дан астам төтенше жағдайлар қызметкерлері, 30-дан астам әскери қызметшілер және 350-ден астам волонтерлер тартылуда. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл іс Ақмола облысы бойынша ПД басшылығының ерекше бақылауына алынды, - деп хабарлады Ақмола облысы ДП-нің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды