Алматыда мас жүргізуші бірнеше жол апатын жасады

zakon.kz
4 көлікке зақым келді.

Алматының түндері тыныш өтпейді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Абай мен Абылай хан көшелерінің қиылысында Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі жолдың сол жағында тұрған Toyota Camry-ді арттан соққан. Сосын сәл артқа беріп, әлгі көлікті айналып өтіп, оқиға орнынан қашып кетпек болды. Бірақ алысқа ұзай алмай, Байтұрсынов көшесімен қиылыста Toyota Yaris көлігін оңдырмай соқты. Соққы алған көлік Mercedes-Benz 190 көлігіне барып соғылса, Toyota Corolla да соққыдан кейін қоршауды бұзып барып қарсы жолда келе жатқан Mercedes-Benz C-класс көлігімен кездесті.

Сойқан салған жеңіл көліктен бірнеше адам атып шығып, жапа-тармағай қаша жөнелген. Алайда куәгерлер мас күйде тәлтіреңдеген жүргізушінің қашуына жол бермей, оны ұстап алған. Полиция келгенше тырп еткізбепті. Медициналық куәландыру оның мас екенін бірден анықтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды