Ақтөбе облысының тұрғындарынан 30 заңсыз қару тәркіленді

polisia.kz
Өңірде 1-30 қыркүйек аралығында “Қару“ жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Ақтөбе облысы бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 1-30 қыркүйек аралығында “Қару“ жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, жалпы облыс бойынша тіркелген 8 416 атыс қаруының 3 512-і тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Жедел алдын алу іс-шараны өткізу барысында 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін жеті, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 122 және қаруды қайта тіркеуді бұзған 44 дерек анықталды. Заңсыз қару айналымынан барлығы жеті бірлік тегіс ұңғылы қару, сондай-ақ үш бірлік электрошокер тәркіленді. Барлығы 30 дана суық қару тәркіленді, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәріні өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды