Ауылда ашылған жезөкшелер притонын полиция жауып тастады

Түркістан облысы ПД
Интим қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті 4 қыз табылды. Үшеуі Өзбекстан азаматшалары, біреуі сол ауылдың қызы.

Түркістан облысы Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтап, жойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притонда жеңгетайлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Бұл жайт ҚР ҚК 309-бабы "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша СДТТБТ-да тіркелді.

Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті 4 қызды ұстады. Олардың 3-еуі Өзбекстан Республикасының азаматшалары болса, 1-еуі жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды.

Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде, күнделікті қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын, монша кешендерін және басқа да нысандарды тексеріп отыратынын ескертеміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды