Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып, өлтіріп кетті

dziennikwschodni
Ол оқиға орнында жан тапсырған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында Қазақстанның 16 жастағы азаматын атып кетті. Польшаға оқуға барған ол оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, оқиғаға байланысты тергеу басталған. Күдікті әлі ұсталған жоқ.

Польшаның Люблинец қаласының аудандық прокуратурасы жергілікті басылымдарға берген ақпаратына сай, ол достарымен бірге саябаққа алма теруге барғанда оққа ұшқан. Марқұм халықаралық бағдарлама бойынша Ключковице-Оседле қаласындағы мектеп-интернатта оқып жүрген. Прокуратура күдіктіні ұстау мақсатында оқиғаның басқа жай-жапсарын айтпаған.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Польшадағы елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оның сүйегін елге жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды