Түркі Академиясының мәртебесі туралы келісімге қол қойылды

ҚР СІМ
Аталған келісім Академияның мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитетін, сондай-ақ мүлкіне қатысты мәселелерді айқындайды.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Түркі Академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған келісім Академияның мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитетін, сондай-ақ мүлкіне қатысты мәселелерді айқындайды.

Түркі Академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі Кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылғы 25 мамырда құрылды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Түркі Академиясының мүшелері - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды