Алматы-Екатеринбург тас жолында жүк көлігі аударылып, 15 тонна күкірт қышқылы төгілді

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Апат болған жол учаскесінде Қарағанды ​​облыстық ТЖД, жергілікті полиция қызметі, ҚР ТЖМ әскери бөлімі және Экология департаментінің 19 қызметкері мен 4 техника жұмыс істеді.

Қарағанды ​​облысында жолда жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

14 желтоқсанда Бұқар жырау ауданында, Алматы-Екатеринбург тас жолының 995-ші шақырымында, Қарағандыдан 11 шақырым қашықтықта МАЗ көлігі жолдан шығып, жол жиегіндегі шұңқырға аударылды. Салдарынан шамамен 15 тонна көлеміндегі күкірт қышқылы 20 шаршы метр ашық алаңға төгілді, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан жарақат алған 1971 жылғы көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Жарақаты - орташа ауырлық дәрежесінде.

Апат болған жол учаскесінде Қарағанды ​​облыстық ТЖД, жергілікті полиция қызметі, ҚР ТЖМ әскери бөлімі және Экология департаментінің 19 қызметкері мен 4 техника жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды