Өзбекстанда 16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіріп қайтыс болды

видеодан кадр
Марқұм келесі жылы университетке оқуға түсемін деп дайындалып жүрген екен.

Наманган облысы Нарын ауданында 16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіремін деп қайтыс болған. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. 18 және 23 жастағы ер адамдар қызды көлікке отырғызып алып қашпақ болған. Бірақ бойжеткен көліктен секірген кезде, алған жарақатынан көз жұмған.

Марқұм келесі жылы университетке оқуға түсемін деп дайындалып жүрген екен.

Орталық Азия елдерінде қыз алып қашу кең жайылған.

Қырғызстанда алып қашқан қызды үйіне қайтару ұят деп саналады да, сол үйге қалдырып кетеді. Бірақ бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы жылдары қыз алып қашу бойынша милицияға өтініш түсірушілер көбейген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды