Тендердің дементорлары. Салют, мистер президент – 91 тобы тренд болды

ainews.kz
Мағына өз басыңда, ал бұл жай ғана әріптер.

Қазақстандағы атышулы Ninety One (91) тобы "Ирина Кайратовна" деген тағы бір даулы топпен бірігіп, Taboo деген ән жазыпты, деп хабарлайды zakon.kz.

25 желтоқсанда жарияланған әннің клипі youtube-те бірден трендке түскен екен.

Бұл біртүрлі әндегі бір тыңдағанда түсініксіз естілетін сөздерді мұқият тыңдасақ,

ішінде "Мен әндетемін толған боққа айналада қалмаса да шындық. Көз алдымда теңгенің төмен қырлары, еріндер шөлден құрғаған, тендердің дементорлары. Бірдеңе десең бірден диссидент. Салют, мистер президент! Дисней түсінер", деген жолдар бар.

Taboo деген әннің сөзін кім жазғанын әзірге анықтай алмадық.

Айтпақшы, видео астында бұл топтың саясилана бастағанын құптайтын комменттер жүр. Дементор – Гарри Поттер шығармасындағы өлімнен де жаман соқыр құбыжық. Ол өзгенің ерніне қадалып, оның бойындағы бар қуанышы мен бақытын сорып алады. Оның азығы сол екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды