ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

zakon.kz
Темірболат Бақытжан бұл лауазымға 2019 жылы шілдеде тағайындалған болатын.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Темірболат Бақытжан 1972 жылғы 10 желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі, білігі, мамандығы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Саясаттану мамандығы бойынша тәмамдаған (1998 жылы, аспирантура 2000 жылы)

Саясаттану ғылымдарының кандидаты, кандидаттықты "Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мүдделердің саяси ұстанымы: эволюция және қазіргі заман (Қазақстан Республикасының мысалында)" тақырыбында қорғаған (2010 жылы)

Еңбек өтілі:

2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жұмысқа шақырылып, Ішкі саясат бөлімінде, Ақпараттық-талдау орталығында, Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында консультант, бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор лауазымдарында қызмет етті.


2007-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.


2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.


2019 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды