Алматы облысында жолда кетіп бара жатқан көлікке оқ тиген

видеодан алынды
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Алматы облысында жүйткіп бара жатқан көлікке оқ тиді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

ГРЭС пен Кұлжа трассасының бойында жолда келе жатқанбыз, сағат 14-15 шамасында біздің көлікке қаңғып келген оқ тиді. Ол автоматтың ба әлде тапаншаның оғы ма, білмеймін, ұзын оқ. Міне, шығарып жатырмын, көрдіңіздер ме оқты? Бұларада мына кісі отырған. Құдайдың өзі оны сақтап қалды, - дейді ер адам видеода.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Алматы облысының полиция департаменті осы факті бойынша 37 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны Талғар аудандық полиция бөлімшесіне арызданғанын хабарлайды 11 қаңтарда сағат 14.30 шамасында Қайнар ауылының шетінде белгісіз біреулер оның Ауди-80 автомашинасын белгісіз затпен зақымдаған. Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабы,1-бөлімі, "Өзге адамдардың мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, оған айтарлықтай зиян келтіру" бойынша тіркелді. Күдіктілерді анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі мақсатында өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды