Елбасы Әлімғазы Райымбековтың отбасына көңіл айтты

inform.kz
"Тақиялы періште" және басқа да көптеген фильмдерде басты рөлді ойнаған кеңестік және қазақстандық актер Әлімғазы Райымбеков 86 жасына қараған шағында коронавирустан көз жұмды.

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден озуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды.

"Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді", делінген жазбада.

"Тақиялы періште" және басқа да көптеген фильмдерде басты рөлді ойнаған кеңестік және қазақстандық актер Әлімғазы Райымбеков 86 жасына қараған шағында коронавирустан көз жұмды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды